05.10.2021 _ 12:10

Елімізде адам саудасына қарсы күреске бағытталған жеткілікті заңнамалық база қалыптастырылып, үнемі жетілдіріліп отырады - ІІМ

Соңғы өзгерістер 2020 жылдың қаңтарында күшіне енді. Олар адам саудасы фактілері бойынша тараптардың татуласу мүмкіндігін болдырмауды, сондай-ақ органдардың, кәмелетке толмағандардың саудасы және оларды жезөкшелікпен айналысуға тарту үшін жазаны қатаңдатуды көздейді. Бүгінде бұл қылмыстар үшін Қылмыстық кодекстің 8 бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған, мүлкі тәркілеумен, 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру максималды жазасы қарастырылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Адам саудасының құрбандарын әкелетін, әкететін және транзиттейтін ел болып табылатынын ескере отырып, қылмыстық іс бойынша сот шешімі шығарылғанға дейін оларға қатысты ауыр қылмыс жасалған шетелдіктердің Қазақстанда болу мерзімін ұзарту заң жүзінде көзделген. Сондай-ақ, аталған тұлғалар әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Бұл еңбек немесе жыныстық қанауға ұшыраған мигранттар үшін қолайлы жағдай жасайды. Барлық зардап шеккендерді қорғау және оларға көмек көрсету «Ққылмыстық процеске қатысатын адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» және «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» заңдар шеңберінде жүзеге асырылады. Соңғы үш жылда жыл сайын адам саудасының 90-ға дейін құрбаны анықталады, оның ішінде 20 - ға дейін – еңбекті қанаудың  құрбандары», - деп хабарлады спикер. 


Оның айтуынша, ІІМ адам саудасына қарсы әрекет ету бойынша кешенді шаралар қабылдауда. Бұл ретте Катар, Индонезия, Бахрейн, Әмірліктер, Түркия мен Оңтүстік Кореяға пайдалану мақсатында біздің азаматтардың экспортына арналған сегіз арна, сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстаннан екі импорт жойылды. 


«Мысалы, биыл біз Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Бахрейн Корольдігінің азаматтары болып табылатын 19 адамнан тұратын трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысты тергеуді аяқтадық, олар соңғы бес жыл  Бахрейндегі жыныстық қанау үшін, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты адам саудасымен айналысқан. Зардап шеккендердің жалпы саны 39 азаматты құрады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда», - деді спикер.