05.10.2021 _ 12:20

«Бас тарту» немесе сату? Елімізде жаңа туған балаларды «беруге» қарсы күрес бойынша құқықтық шаралар күшейтілді

Азаматтардың назарын жаңа туған балаларды басқа адамдарға беруге байланысты кез келген мәмілелердің заңсыздығына аударғым келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді. Ол адам саудасына қарсы күрес туралы айтты.

Мысалы, ағымдағы жылдың шілде айында Шымкент қаласының соты екі отбасылық жұпқа қатысты айыптау үкімін шығарды. Олар өзара келісіп, кейіннен жаңа туған баланы беру бойынша мәмілені заңсыз ресімдеген. Босанған әйел туу туралы куәлікте биологиялық әкесінің емес, сатып алушының мәліметтерін көрсеткен. Кейін нотариус баладан бас тартуды рәсімдеген. 


«Аталған іс бойынша барлық адамдар түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Осыған ұқсас және басқа да фактілерді болдырмау мақсатында ІІМ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп бірқатар ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар қабылдады», - деді спикер.