06.10.2021 _ 15:40

Қазақстанда КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалуда

Қазақстанда 6 қазандағы жағдай бойынша COVID-19 оң нәтижесімен 896 162 науқас және КВИ нәтижесі теріс 76 517 жағдай тіркелген. КВИ жұқтырған науқастардың шамамен 92% сауығып кетті, оның ішінде 835 805 адамның нәтижесі оң, 63 902 нәтижесі теріс. Соңғы айда Қазақстан Республикасында эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
Қазақстанда КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалуда

 
«Эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес, 4 аймақ жоғары қауіпті аймақта – «қызыл» аймақта. Қазақстан Республикасы және 8 өңір жоғары тәуекел аймағынан орташа тәуекел аймағына көшті. Сары аймақтан жасыл аймаққа 3 өңір ауысты: Жамбыл, Маңғыстау және Қызылорда облыстары. Қыркүйек айының басымен салыстырғанда аурушаңдықтың күнделікті деңгейі 2,4 есеге, таралу индексі бір ай ішінде – бірліктен төмен, инфекциялық төсек - орындардың қамтыуы 39-дан 33%-ға, реанимациялық төсек-орындардың қамтыуы 40-тан 31%-ға дейін төмендеді», - деді А.Цой. 


Сонымен қатар, ауыр науқастар санының төмендеуі байқалады. Сонымен, соңғы айда ауыр және өте ауыр науқастардың саны 2 есе азайды.