06.10.2021 _ 16:20

Қазақстанда таңдауға болатын және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мойындаған бірқатар вакциналар бар - А. Цой

Қазақстанда қолданылатын вакциналар Сауд Арабиясы Корольдігінде мақұлданбаған. Қазақстандықтар Сауд Арабиясы аумағында мақұлданған вакциналармен қашан егіле алады? Діншілдер кіші қажылыққа бара алмайды, бірақ Арабияға рейстер ашылды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер ислам діні міндеттемелерін қатаң сақтайтын мұсылмандар үшін өзекті сұрақ қойды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, қажылыққа бару үшін әр ел өз талаптарын қояды. Қазақстанда таңдауға болатын және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған бірқатар вакциналар бар.

«ДДСҰ аккредиттеген Синофарм, Веросел вакцинасы бар. Яғни, егер мемлекет ДДСҰ-да тіркелген вакциналар бойынша талап қоятын болса, бізде ондайлар бар, екпе салдырып, елден тыс шығуға болады. QazVac ДДСҰ-да тіркеу рәсімінен өтуде. Вакцина тіркелгеннен кейін басқа нарықтарда қолжетімді болады. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан клиникалық айналымға вакцина енгізген алтыншы ел. ДДСҰ аккредиттеген көптеген мемлекеттерде, Трансұлттық компанияларда тіркеу процедуралары жылдар бойы жолға қойылған, ол үшін арнайы қызметтері де бар. Бізде қайта орнату жүріп жатыр, біз әзірлеген вакцина қазір халықаралық қауымдастыққа интеграциялануда, қазір тіркеу алгоритмдерін пысықтап, құжаттарды қалыптастырып жатырмыз. Бұл өте үлкен кезең, бұл Қазақстан үшін жаңа нәрсе, серпіліс. Сондықтан, тіркеуден өткеннен кейін ол бірден әлем бойынша қолжетімді болады», - деп жауап берді елдің бас дәрігері.