06.10.2021 _ 16:30

COVID-19-ға қарамастан, қауіпті инфекциялармен жұмыс істейтін дәрігерлер үстемеақы алады - Денсаулық сақтау министрі

Пандемия жағдайында жұмыс істегені үшін медицина қызметкерлеріне үстемеақы төленбей ме? Олар енді аз ақша ала ма? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осы жайлы сұрады. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цойдың айтуынша, қосымша төлемдер туралы барлық шешімдер бастапқы кезеңінде, елде төтенше жағдай жарияланғанда қабылданды және ол кезең былтыр өтті. Оған қарамастан, мемлекет қолдау көрсетіп, бұл төлемдерді ұзартты.
иллюстративное фото с сайта mk-kz.kz


«Жеке қорғаныс құралдары жеткіліксіз болды, дәрі-дәрмектер жетіспеді, естеріңізде болса, жаңа жабдықтармен, ауруханалармен, ауаны тазарту жүйелерімен, ағындардың бөлінуімен проблемалар болды. Біз барлығын жолға қойдық, өңірлерді қосымша жедел жәрдем көліктерімен жабдықтадық, қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз еттік, ең бастысы, біз барлық медицина қызметкерлерін вакцинацияладық, олардың 99% егілді. Яғни, қазір олар қорғалған, қазір медицина қызметкерлерін қорғауға мүмкіндік бар, ал ол кезде ешқандай мүмкіндік болған жоқ және вакцинация болған жоқ, бұл бұрын-соңды болмаған қолдау болды, бірақ мемлекет басшысы тапсырма берді, ол мемлекеттің мүмкіндіктері шексіз емес екенін, болашақта басқа әдістер табу қажет екенін атап өтті. Иә, жалақы сол деңгейде болмаса да, бірақ ол тұрақты болады, және COVID-19 бослын-болмасын, қызыл аймақта қауіпті инфекциялармен жұмыс істейтін барлық азаматтар, медициналық қызметкерлер үстемеақы алады, себебі COVID-19 да қауіпті инфекциялар көп, олар осы ауруханаларда жұмыс істейді және осы агрессивті жағдайда жұмыс істейтін барлық медициналық қызметкерлерге үстемеақы төленеді. Олар осы саладағы әріптестеріміз алатын ақшадан жоғары болады. Белгілі бір коэффициенттер енгізіледі, бұл мәселе Қаржы министрлігімен бірге пысықталып жатыр, қазірдің өзінде дайындалған тәсілдер бар», - деп атап өтті министр. 


Сондай-ақ, ол дәрігерлердің еңбекақысының жалпы деңгейі орта есеппен 500 мың теңгеге жететінін жеткізді. Кезең-кезеңімен жыл сайын үштен бірге өседі. Индекстеуді ескере отырып, қауіпті аймақтарда жұмыс істейтін дәрігерлер орташа деңгейден жоғары еңбекақы алатын болады. 


«Тиісінше, бұл COVID-19-ға тәуелсіз және кейінгі жылдарға арналған тәсіл болады, яғни медицина қызметкерлері қорғалады. Бұл уақытша емес, тұрақты шаралар. Ал қазір бұл әріптестеріміз үшін, әсіресе, кадрлар жетіспеген кезде өте күшті қолдау болды. Біз кадрларды даярлап, қосымша инфекционистерді оқыттық. Біз қазір бір жыл бұрынғыға қарағанда әлдеқайда дайынбыз», - деп түйіндеді Цой.