«Жыл басынан бері компания сарапшылары шет елдердің нарықтарына 20 астам шолу, дайджест және бюллетендер дайындады, сауда үшін мүмкіндіктерді және тәуекелдерді анықтау үшін 60-тан астам талдау жұмыстарын жүргізді. QazTrade 30-дан астам кәсіпорынға экспорттық қызметті жүргізуді жақсарту бойынша ұсынымдар берді, тағы 23 кәсіпорын ЕО, ҚХР, Швейцария, Түркия, ЕАЭО нарықтарына шығу бойынша консультациялар алды. Сондай-ақ 15 өңірлік экспорттық кеңес өткізілді, олар бизнеске экспорттаушыларды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары туралы түсіндіру, кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін анықтаудағы тиімді алаң болды», - деді спикер.
Алдағы күндері қаржылай емес шаралар бойынша бірыңғай оператор Алматы облысының өңірлік экспорттық стратегиясына қатысты ұсыныстарын таныстыратын болады.