08.10.2021 _ 13:48

Жануарларды есепке алу дерекқоры ветеринариялық клиникаларда жүргізіледі және әкімдіктерге беріледі - Экология вице-министрі

Мысықтың чиптелгенін немесе жыныстық бездерінің алынғанын қалай бақылайсыздар? Бұл мәселе қалай қадағаланады?  «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасының таныстырылымында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова ветеринарлық клиникаларда немесе жануар иесімен жасалатын жануарларды есепке алу рәсімі қарастырылғанын жеткізді.
Жануарларды есепке алу дерекқоры ветеринариялық клиникаларда жүргізіледі және әкімдіктерге беріледі - Экология вице-министрі


«Қазір жануарларды есепке алу бойынша өнімдерді үй жағдайында да қолдануға болатындығын ескере отырып, барлық деректер ветеринарлық клиникалар жүргізетін базаға енгізіледі және жергілікті атқарушы органға тапсырылады. Қалай болғанда да, тіркелмеген жануармен ветеринарлық клиникаға келген жануардың иесі үй жануарларына қажетті көмек алады, бірақ, егер ол жануарды есепке алу және сәйкестендіру шартын орындамаса, осы Заң қабылданып, күшіне енген жағдайда жауапкершілік туындайды. Құрылатын база үнемі жүргізіледі және жануарларды ұстау және есепке алу шарттары бұзылса, онда жауапкершілік туындайды. Сондықтан, жануарлардың иелері ветеринарлық клиникаға жүгінген кезде, оның жануарды уақтылы тіркегені немесе тіркелмегені анық болады», - деді спикер.

 
Айта кетейік, жануарларды асырау, есепке алу, аулау, серуендету ережелерін бұзғаны үшін айыппұлды 10 АЕК - ке дейін арттыру ұсынылуда, заңнаманы қайталап бұзған жағдайда жеке тұлғалар 10 АЕК, лауазымды тұлғалар – 30 АЕК, заңды тұлғалар - 40 АЕК төлейтін болады.