12.10.2021 _ 12:10

Вакцинацияның және ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың арқасында елордада сырқаттанушылық деңгейі төмендеді – Т.Мұратов

Халықтың денсаулығын нығайту мақсатында елордада халықты коронавирусқа вакциналау жалғасуда. Деректерге сәйкес, вакциналауға жататын халықтың көп бөлігі екпе алды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті. Ол бұл мәселеде халықтың вакцинацияға саналы көзқарасы және коронавирустың таралуын болдырмауда өзінің азаматтық ұстанымын көрсету шешуші рөл атқаратынын атап өтті.
иллюстративное фото с сайта strategy2050.kz

«Вакцинацияның және ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың арқасында елордада сырқаттанушылық деңгейі төмендеді, біз біртіндеп бұрынғы өмір ырғағына оралып жатырмыз, карантиндік шаралар жеңілдетілуде. Барлығы 84 вакцинация пункті, сондай-ақ еңбек ұжымдарын вакцинациялау үшін көшпелі бригадалар жұмысын жалғастыруда. Алдын алу шаралары ретінде азаматтарды тұмауға қарсы вакцинациялау жалғасуда. Биыл эпидемиологиялық жағдай маусымдық тұмау кезеңі коронавирустық инфекцияның өсуімен күрделене түсті. Вирустың екеуі респираторлы. Вакцинацияны уақытында алу өте маңызды, өйткені ол вирусты жұқтыру ықтималдығын азайтады және аурудың асқынуынан қорғайды», - деді Т.Мұратов.