15.10.2021 _ 10:20

Маңғыстау облысында санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты – өңір әкімінің орынбасары

Маңғыстау облысында эпидемиологиялық жағдайы тұрақталып келеді. Қазргі кезде өңір «жасыл» аймақта. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова мәлімдеді.

 

Облыста жыл басынан бері COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 19 337 құраса, 8-15 қазан аралығында 71 жағдай анықталды. Соңғы тәулікте індет жұқтырудың 7 жағдайы тіркелді.

  
«Аймақтар бойынша аурушаңдық көрсеткіші 57,1 % Ақтау қаласында, Мұнайлы ауданында - 15,7% құрайды. Қалған аудандар мен қалаларда бұл көрсеткіш бұдан төмен. Бүгінгі күні 22 332 азамат емделіп шықты. 8-15 қазан аралығында 111 адам ем қабылдады. Қазіргі таңда тұрғындарға 375 инфекциялық және 57 реанимациялық төсек-орын бар. Шілде-тамыз айларында қосымша төсек-орындар ашылып, 15 нысан жұмыс істесе, бүгінде науқастар 7 стационарда ем алуда. Осы стационарларда бүгінгі күні 57 адам ем қабылдауда. Оқу жылы басталғаннан бері COVID-19 жұқтырған 82 оқушы анықталды. Медициналық ұйымдар жеткілікті дәрілік препараттармен және жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтылған», - деді Г. Қалмұратова 


Өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы бақылдау, осы бағыттағы бірлескен жұмыстар одан әрі жалғасуда.