15.10.2021 _ 16:10

Мемлекет басшысының тапсырмасымен спорт секциялары көптеп ашылады – Н.Дәуешов

2025 жылға дейін халықтың жүйелі түрде спортпен шұғылданатындар саны 50% дейін жеткізілмек. Бұл механизмді қалай жүзеге асырасыздар? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте модератор «Дені сау ұлт» ұлттық жобасын жүзеге асыру тармақтарының бірі жайлы сұрады. ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешовтің айтуынша, қазіргі таңда спортпен шұғылданатын адамдардың үлесі 31,6% құрап отыр.

«Иә, 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 50% дейін жеткізу көзделген. Осы мақсатта бірінші кезекте дене шынықтыру орталықтарын салу жоспарланған. Сонымен қатар, жан басына қаржыландыру бойынша балаларға арналған спорт секциялары көптеп ашылады. Бұл президентіміздің тікелей тапсырмасы. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, жергілікті жерлерде спорт секциялары ашылады. Осы спортқа байланысты республика бойынша іс шаралар саны ұлғайтылады. Осылайша, 2025 жылы елімізде спортпен шұғылданатындар санын 50% жеткізілмек», - деді МСМ өкілі.