15.10.2021 _ 16:20

Барлығы Ұлт денсаулығы үшін. Денсаулық сақтау министрі салауатты өмір салтын ұстануға үлгі болуға дайын

Денсаулық сақтауды жаңғырту, ұлт денсаулығын қамтамасыз ету қажеттілігі туралы айта отырып, мынадай сұрақ туындайды: Денсаулық сақтау министрлігі мен мәдениет және спорт министрлігінің басшылығы неге қазақстандықтарға іс жүзінде үлгі көрсетпейді? Біз сіздерді спортзалдардан көрмейміз, қандай да бір жаман әдеттен бас тартуға үгіттемейсіздер Үкімет мүшелеріне қандай да болмасын жаттығулар жастпайсыздар... Мысалдар жоқ. Бұл жағдайды өзгертуге дайынсыздар ма? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистен денсаулық сақтау министрлігі басшысына осындай сұрақ қойды. Алексей Цой бірден Ұлт денсаулығы үшін бәріне де дайын екенін мәлім етті.

«Егер бұл спортқа тартуға немесе салауатты әдеттерден арылуға көмектесетін болса, әрине, біз бұған дайынбыз», - деді денсаулық сақтау министрі. 


Сонымен қатар, ол, ең алдымен, физикалық тұрғыдан шұғылдану керек екенін атап өтті. Уақыттың тығыз болғанына қарамастан, әрдайым таңертең жаттығу жасауға болады, қарапайым ұсыныстар - су балансын сақтау үшін күніне кемінде 2 литр су ішіп, тәулігіне 10 000 қадам жүру керек.  


«Бұл қарапайым жаттығулар да жақсы көңіл күйге себепкер бола алады. Біз мезгіл-мезгіл жаттығулар жасаймыз, конференцияларда ұзақ уақыт отырғанда үзіліс жасау керек екенін көрсетеміз, өйткені бұл физиологиялық тұрғыдан қажет. Үгіт жұмыстарын жүргіземіз, салауатты өмір салтын дамыту бойынша үлкен бағдарламамыз бар және оған басымдық беріледі. Әдетте біздің дәрігерлер марафондар мен спорт жарыстарына белсенді қатысады», - деді еліміздің бас дәрігері.