18.10.2021 _ 12:40

Маңғыстау облысының әкімдігі қысқа жем-шөп сатып алатын операторларды анықтады - АШМ

Үкімет резервінен Маңғыстау облысына 1,9 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта 1,2 млн теңге игерілді. Азық құнын арзандату үшін ұйымдастырылған шаруа және фермерлік қожалықтарға да, жеке қосалқы шаруашылықтарға да қаржы бөлінді. 790 ШҚ және 7 мыңнан астам қосалқы шаруашылық мал ұстауға азық сатып алуға қаражат алды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев журналистердің сұрақтарына берген жауабында мәлімдеді.


«Қыс мезгіліне шоғырландыру, қалыпты қыстау үшін Маңғыстау облысы 27 мың тонна шөп және 30 мың тоннаға жуық жем сатып алуды жоспарлап отыр. Осы қаражат есебінен сатып алынады, Маңғыстау облысының аудандарында шоғырландырылады, егер кімде-кімге қыс мезгілінде жем-шөп жетіспесе, халық пен шаруа қожалықтары оған жедел қолжеткізе алады. Облыс жемшөп көлемі әкелінетін өңірлерде операторларды анықтады. Операторлар жем өндірушілермен тікелей келіседі», - деп атап өтті спикер.