20.10.2021 _ 12:40

БҒМ «Кальмар ойыны» туралы: баланың психикасы қалыптасуда, сондықтан кез келген ақпаратты үйде ата-аналар, мектептерде мұғалімдер бақылауы керек

Балалар арасындағы «Кальмар ойыны» үлкен алаңдаушылық тудырды. Бұл баланың психикасына қауіпті емес пе? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте модератордың сұрағына жауап берген білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова фильмнің Қазақстанда шығарылмағанын, жасына байланысты белгілі бір шектеулер бар екенін атап өтті. Ата-аналар бұл фактіге назар аударуы керек.

 

«Ата-аналар да, мектептер де тәрбиелік іс-шаралар аясында балаларға пайдалы ақпаратты теріс ақпараттан ажырата білуге дағдыландыру керек. Бұл мәселеге назар аудару қажет. Әрине, баланың психикасы қалыптасуда, сондықтан кез келген ақпаратты үйде ата-аналар және мектептерде мұғалімдер бақылауы керек. Биылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында жаһандық құзыреттілікті таңдау курсы енгізілуде. Курс балалардың сыни ойлауын, эмоционалды интеллектісін дамытуға, ақпаратты ажыратуға, оны таңдауға, ақпаратты дұрыс таңдау жолдарына арналған. Бұл курс осы оқу жылынан бастап енгізіледі, бірақ бұл ретте мектептің тәрбие функциясы шеңберінде осы фильмде қойылған шектеуге назар аудару қажет», - деп атап өтті білім беру ведомствосының өкілі.