21.10.2021 _ 14:00

«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасында мемлекеттік тілді дамыту міндеті жеке белгіленген – А. Балаева

«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының бірінші бағытында мемлекеттік тілді дамыту міндеті бөлек белгіленген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлімдеді.
«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасында мемлекеттік тілді дамыту міндеті жеке белгіленген – А. Балаева


 
«Бұл бағыттың екінші маңызды міндеті – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту. Өйткені, «ұлтты сақтау» дегеніміздің өзі – тілді сақтап, дамыту екені белгілі. Мемлекет басшысы қазақ тілінің болашақта – ұлтаралық тілге айналатынына сенім білдіргенін білесіздер. Оған бүгінде барлық негіз бар. Мемлекеттік тілге деген қоғамның сұранысы артып келеді. Бұл – уақыт талабы. Сондықтан, бұл мәселеде бірқатар ауқымды жобалар қарастырылып отыр. Атап айтқанда, мемлекеттік тілді оқыту бойынша инновациялық ІТ-өнімдер әзірлеу, танымал анимациялық және танымдық арналарды қазақшалау, орта білім берудің тілге қатысты бағдарламаларына өзгерістер енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін қазақ тіліндегі оқулықтар әзірлеу сияқты жүйелі іс-шаралар бар», - деді АҚДМ басшысы. 


Оның айтуынша, мақсат - қоғамдағы қазақтілді ортаны барынша кейейту, оны тұрмыста ғана емес, ғылым мен білімнің, бизнес пен әлеуметтің тіліне айналдыру.