22.10.2021 _ 12:10

Жұмыс берушінің және жұмысшының міндеттемелері мен құқықтары Еңбек кодексінде айқындалған – Т.Оспанқұлов

Неге мемлекет қауіпті жұмыс орындарында қауіпсіздік шарасын сақтауға міндеттемейді? Неге компаниялар бұған қаржыны аз бөледі? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте спикерлерге осындай сұрақ қойылды. ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұловтың айтуынша, жұмыс берушінің ғана емес, жұмысшының да міндеттемелері мен құқықтары бар. Олардың барлығы Еңбек кодексінің талаптарында айқындалған.

«Айта кетерлік жайт, Еңбек кодексіне жылдан жылға өзгерістер енгізіліп отырады. Бас мердігер қарамағындағы мекемелерді қадағалап, жұмыс берушілерге тікелей жауапты. Екіншіден, әр мекемеде жұмыс берушілер кәсіптік тәуекелдерді айқындауы керек. Ал ақша бөлуге келсек, үкімет оған тікелей араласа алмайды, жұмыс беруші кәсіптік мекемемен, органдармен немесе жұмысшының  талабымен жыл сайын қажетті қаражатты бөліп отыруы керек, оның мөлшерін жұмыс беруші мен жұмысшылар өздері келіседі», - деді спикер өз жауабында.  


ЕХӘҚМ мәліметінше, бүгінде елімізде 246 инспектор жұмыс істейді. Сонымен қатар, кейбір мекемелерде 18 мыңға жуық техникалық инспектор бар.