22.10.2021 _ 12:30

Жұмыс беруші вакцинацияланбаған ПТР жоқ қызметкерлерді ақысыз жұмыстан шығаруға құқылы - бас еңбек инспекторы

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бас мемлекеттік еңбек инспекторынан вакцинациядан бас тартқаны үшін қанша адам жұмыс істемейтіні бойнша статистикамен бөлісуді сұрады. Төлеген Оспанқұлов мұндай көрсеткіштер жоқ екенін және оның құзыретіне жатпайтынын жеткізді. Ол жұмыс беруші міндетті вакцинацияға қарсы қызметкерді жұмыс орнына жібермеуге құқылы екенін растады.

«Дүйсенбіден бастап жұмыс беруші міндетті вакцинациядан немесе ПТР тестілеуден өтпеген қызметкерлерді жібермеуі тиіс деген норма күшіне енді. Бұл бір ғана кәсіпорынның проблемасы емес - бұл республикалық мәселе. «Денсаулық туралы» кодекске сәйкес санитарлық дәрігердің қаулысы міндетті болып табылады. Сондықтан, бүгінгі таңда жұмыс берушілер қызметкерді осы бапқа сәйкес төлемсіз жұмыстан шығаруға құқылы, бірақ өзара келісім болған жағдайда олар төлемді өз мойнына алады, яғни еңбекақының 50% немесе ең төменгі еңбекақы төлей алады. Бірақ бұл екі тараптың келісімі бойынша ғана жасалады», - деп атап өтті спикер. 


Сондай-ақ, ол еліміздің ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарында вакцинацияланған жұмысшылардың үлесі 80% - дан асатынын айтты.