25.10.2021 _ 11:40

ІІМ: көптеген қызметтер электронды форматқа көшірілді

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов Орталық коммуникациялар қызетінде өткен брифингте ведомство қызметтерін цифрландыру бойынша атқарылған жұмыстары туралы айтып берді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған жолдауында және кеңейтілген алқа мәжілістерінде Ішкі істер министрлігіне ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етуді, оның ішінде қылмыстық процессің үш деңгейлі моделіне көшіру және полицияны сервистік жұмыс үлгісіне көшіру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Бұл жұмыс полицияның басқа мемлекеттік органдарымен және халықпен тиімді өзара іс-қимылды қажет етеді.  


«Ішкі істер министрлігінің көптеген қызметтерін электронды форматқа көшірдік, бұзушылықтар бойынша цифрлық мәліметтер базасын құрдық, айыппұлдар туралы электронды хабарламалар жүйесін іске қостық, жүйелерімізді басқа мемлекеттік органдардың жүйелерімен біріктірдік. Бұл атқарылған жұмыстардың бір ғана бөлшегі. Ең алдымен, біз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтардың полициямен тікелей байланысы алынып тасталды. Енді олар мемлекеттік органдардың жұмыс режиміне тәуелді болмай, қызметтерге тапсырыстарын кез келген ыңғайлы уақытта ала алады. 40 қызметтің 38-і автоматтандырылды. Бұл ІІМ қызметтерін алуан түрлі жолмен алуға мүмкіндік берді. Мысалы, азаматтарды енді Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, «электрондық үкіметтің» порталы арқылы немесе M-GOV мобильді қосымшасы арқылы тіркеуге болады», - деді Сәрсенов. 


Оның айтуынша, азаматтар қызметтерді онлайн түрде алуды ұнатады. Мысалы, биыл Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 500 мыңнан астам адам тіркелсе, портал арқылы - 800 мыңнан астам адам тіркелген. Ақпараттық жүйелерді біріктірудің арқасында мемлекеттік органдар көптеген құжаттарды базадан ала алады.