25.10.2021 _ 12:00

ХҚКО шетелдіктерге бірыңғай қызмет көрсету секторлары құрылады - ІІМ

Елімізге жылына шамамен 1,5 млн шетелдік келеді. Өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап оларға көші-қон полициясында уақытша тіркеу туралы қойылатын талаптар жойылды. Бұл Қазақстанның инвестициялық және туристік тартымдылығына оң әсер етті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов хабарлады.
ХҚКО шетелдіктерге бірыңғай қызмет көрсету секторлары құрылады - ІІМ

«Бүгінде көші-қон полициясына «e-Qonaq» жүйесі немесе мобильді қосымшасы арқылы келген шетелдік қонақтар туралы хабарлауға болады. Елорда мен Алматы қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында шетелдіктерге уақытша тұруға рұқсат беру және виза беруге шақыруларды келісу үшін бірыңғай қызмет көрсету секторлары құрылды. Жыл соңына дейін бұл қызметтерді барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсету жоспарланып отыр», - деді спикер.