25.10.2021 _ 16:00

Экология министрлігі қатты тұрмыстық қалдықтар үлесі мен оны кәдеге жаратуды 2 есеге жуық арттыруға ниетті

Негізгі проблемалардың бірі - қалдықтардың шамадан тыс жиналуы. Қалдықтарды тұрақты басқару бөлігінде қатты-тұрмыстық қалдықтардың үлесін 18-ден 34% дейін арттыру және кәдеге жарату көзделіп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлім етті. Бұған «Waste-to-Energy» технологиясы бойынша энергия алумен қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін салу есебінен қол жеткізуге болады.

«Бұдан басқа, құрамында сынабы бар қалдықтарды бөлек жинау үшін 8 мыңнан астам контейнер, сондай-ақ дәріханаларда медициналық қалдықтарға арналған экобокстар орнату жоспарланған. Тұйық циклді экономиканы дамыту шеңберінде құрылыс және ірі габаритті қалдықтарды жинау үшін алаңдар құру көзделген», - деп атап өтті спикер.