25.10.2021 _ 16:30

44 іс сотқа берілді, 90 млн теңге залалды өтеуге талап қойылды – экология министрлігі ағаштарды заңсыз кесуге қарсы күрес туралы

Жыл басынан бері 44 іс соттарға, 113 іс құқық қорғау органдарына берілді, 90 млн теңгеге жуық залалды өтеуге талап қойылды. Сонымен қатар, заң бұзушыларға қатысты заңнама талаптарын күшейту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді.

Ол ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап қолданыстағы заңнама бойынша тәртіп бұзушыларға санкциялар қатаңдатылғанын еске салды. Ағаштарды заңсыз кескені үшін айыппұлды бес есе ұлғайту көзделген. Егер бұрын бұл 100-ден 200 АЕК-ке дейін болса, қазір бұл сома бес есеге артты.

 
«Сондай-ақ Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді заңсыз кескені үшін айыппұл түріндегі жазаны қатаңдату көзделеді: 4 АЕК-тен 500-ге дейін бүлінген кезде, 6-дан 1 000 АЕК-ке дейін жойылған кезде, орман емес қорда заңсыз кескені үшін мүлкі тәркіленіп, 40 тәулікке дейін тыйым салу да көзделген, дәл сол әрекеттер үшін, егер бұл ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орын алса, үш жылға дейінгі мерзімге қамалуы мүмкін. Өздеріңіз көріп отырғандай, шаралар күшейтілуде, бірақ біз бұл жерде қоғаммен тәрбие жұмысын жүргізу және табиғи байлыққа ұқыпты қарау мәдениетін дамыту қажет екенін түсінеміз», - деп түйіндеді экологиялық ведомство басшысы.