26.10.2021 _ 16:10

Жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтары жойылды, сауықтыру іс – шаралары жүргізілуде – АШМ Ветеринарлық бақылау комитеті

Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Абызбаев республикадағы эпизоотиялық жағдай туралы ақпарат берді.

 

Оның мәліметінше, 2021 жылдың басынан бері республика аумағында 345 қолайсыз пункт тіркелген, оның ішінде аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша – 171 пункт, бруцеллез бойынша – 174 қолайсыз пункт. Бүгінгі күні 174 пункттің 130 қолайсыз пункті сауықтырылды, ал қалған 44 пунктте сауықтыру іс-шаралары жүргізілуде.


«Бүгінгі күні жануарлар ауруларының ошақтарында барлық дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілді. Биылғы жылдың 9 айында алынған және жойылған 54 мал басы үшін 13,9 млн теңге өтелді»,- деп хабарлады ведомство өкілі.