27.10.2021 _ 10:30

Ортақ идеяны ұстанған мықты команда - бизнестің табысты болуының кепілі

Іс жүзінде идеялар көп, бірақ оларды қолдану маңызды. Ол әлеуетті тұтынушыны тартып тұруы тиіс. Өнім жақсы пысықталса, активтер неғұрлым көп болса, жақсы серіктес табу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Бұл туралы «Startup Bolashaq» республикалық байқауының 5-ші маусымының тұсаукесерінде CEO Freedom Holding Corp Тимур Турлов мәлімдеді.

Кәсіпкердің айтуынша, командада жұмыс істеуді үйрену - барлық жерде құпталатын негізгі дағды. Байқаудың бизнес-періштелері бұл «өнерге» үйрете алады, ең бастысы қолдау көрсетеді.  


«Идеяның өзі, шын мәнінде, актив емес. Актив - бұл идея имплементациясы, оны жүзеге асыру. Күшті мотивацияланған команданың болуы - бұл идеяның өзінен әлдеқайда артық актив. Ақша үшін қосылған, бірақ ортақ идеяны ұстанған ұйымшыл команда ғана үлкен жетістіктерге жетеді. Себебі кез келген бизнес - бұл ұжымдық өнім, жеке спорт түрі емес, командалық спорт. Жоба ішінде серіктестік орнату маңызды», - деді спикер өз тәжірибесімен бөлісе отырып.  


«Startup Bolashaq» 5-ші маусымның конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау 20 қаңтарға дейін (қоса алғанда) жалғасады. Құжаттар www.startup-bolashaq.kz сайтында онлайн түрде қабылданады. Жеңімпаздардың есімдері сәуір айында белгілі болады. «Startup «Bolashaq» байқауының барысын реалити-шоу форматында көруге болады.