27.10.2021 _ 14:20

БАӘ-мен ынтымақтастық еліміздің ауыл шаруашылығындағы экспортты ұлғайтуға мүмкіндік береді – Ә.Ерғалиев

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев араб инвесторларымен жасалған келісім энергетикадан басқа ауыл шаруашылығы фармацевтика, туризм, көлік және логистика салаларына қатысты болатынын атап өтті. Бұл болашақта агроөнеркәсіп кешеніне 50 млн доллардан астам инвестиция тартуға, ауыл шаруашылығы саласында экспортты ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жыл сайын 8 мың тоннадан астам қой еті шығарылады.

 
«Туризм саласына келсек, Шығыс Қазақстан облысында «Катон-Қарағай» туристік кешені салынады. Бұл жобаға 120 млн доллар инвестиция тартылады. Араб компанияларымен фармацевтика саласында ынтымақтастық орнатудың нәтижесінде елімізді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жағдай жасалады. Көлік және логистика бойынша, Қазақстанның көтерме тарату орталықтары желісін дамытуға мүмкіндік береді», - деді экономика министрі. 


Бұл инвестициялық жобалар азаматтарды жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге септігін тигізеді.