27.10.2021 _ 14:50

Энергетикалық холдинг «Астана» халықаралық қаржы орталығы негізінде құрылады

Біріккен Араб Әмірліктерімен бірлесе салынатын энергетикалық холдингті «Астана» халықаралық қаржы орталығы негізінде құру көзделген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі, инвестициялар, жекешелендіру және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директор Ернар Жанәділ мәлімдеді. Оның құрамына қазақстандық және араб компанияларының өкілдері кіреді.

«Бұл құрылым шеңберінде екі субхолдинг пайда болады. Оның бірі – қазір қолданыстағы электр энергетика нысандарын жаңарту жобаларына инвестиция құяды. Екіншісі жаңартылатын энергия көздері саласындағы жаңа жобаларды салуға қатысты шаруалармен айналысады. Энергетикалық холдингті арнайы комитет басқарады», - деді спикер.