27.10.2021 _ 15:40

Мемлекет басшысының 2 млрд көшет отырғызу туралы тапсырмасы «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасына енгізілген. Жасыл «өкпе» көміртекті бейтараптық міндетімен байланысты -экология министрлігі

Президент 2 млрд-тан астам көшет отырғызылатынын мәлімдеді. Осынша көп ақша жұмсаудың қажеті қанша, бәлкім, ағаштарды кесуді тоқтату керек шығар? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте экология министріне осындай сұрақ қойылды. Серікқали Брекешев, керісінше, ормандарды заңсыз кесуге қарсы күрес жүріп жатқанын атап өтті. Бұл шынымен де үлкен мәселе. Бірақ санитарлық кесу (ауру және ескі ағаштарды) бар, өртенген ағаштарды кесу бар, олар мақсатты түрде заңсыз кесумен айналыспайды – деп сендірді ведомство басшысы.
Мемлекет басшысының 2 млрд көшет отырғызу туралы тапсырмасы «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасына енгізілген. Жасыл «өкпе» көміртекті бейтараптық міндетімен байланысты -экология министрлігі


«Елімізде орман қоры 30 млн гектарды алып жатыр, оның 13,3 млн гектары ғана орман. Көшеттер СО2 соншалықты сіңіре алмайды, белгілі бір кезең бар - шамамен жеті жыл, ағаш жетіліп, күшейгенше, содан кейін бұл ағаш парниктік газдарды сіңіреді. Көрсеткіштерге тоқталатын болсақ, 1 га орман, қателеспесем, 3 тоннаға дейін СО2 тұтынады.  Математикалық жолмен есептеп көріңіз, бұл көп емес. Мемлекет басшысының тапсырмасы осы міндетпен байланысты. Бізде нақты жоспар бар. Сонымен қатар, бұл тапсырма «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасында бекітілді. Жыл соңына дейін 130 млн жуық ағаш отырғызылады, көктемде 80 млн-нан астам ағаш егіледі, күзде - шамамен қосымша 50 млн ағаш. Сондай-ақ, Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл отырғызылып жатыр», - деді министр.  


Арал түбінің 1,1 млн гектарына сексеуіл отырғызу жоспарланған. Жыл сайын осы алаңнан 100 млн тоннаға дейін шаң мен тұз көтеріледі, олар мыңдаған шақырымға таралып, айтарлықтай экологиялық зиян келтіреді. Соңғы жылдардағы тәжірибе сексеуіл отырғызу тұздар мен шаңды тежеудің пәрменді тетігі болып табылатынын дәлелдеді.  


Соңғы 10 жылда Аралды қалпына келтіруге халықаралық қорлардың көмегінсіз 85 млн доллардан астам сомаға жобалар іске асырылды, 340 мың гектарға сексеуіл отырғызылды. 15 қарашада аэропосев басталады.