29.10.2021 _ 12:20

Цифрландыру есебінен құжат айналымының көлемі және осы салаларды сандық форматта есепке алу 50%-ға төмендейді

Естуші және тиімді мемлекет тұжырымдамасын іске асыру мақсатында мемлекеттік сектор ішіндегі процестерді оңтайландыруға, мемлекеттік органдармен байланыс үшін халықты құралдармен қамтамасыз етуге, мемлекеттік құрылымдардың жұмысын төрешілдендіретін құжат айналымын төмендетуге бағытталған бірқатар жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жалғасын табады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.


«Естуші және тиімді мемлекет» үшінші бағыты бойынша азаматтармен тікелей диалог орнату үшін «Е-петиция», «Е-өтініш» және т.б. алаңдарды құру маңызды, кез келген азамат смартфон арқылы өз бағасын бере алатын болады. Мемлекеттік аппарат ішіндегі процестерді бюрократизациялайтын құжат айналымын 50% төмендету көзделген. Тиімділікті арттыру үшін процестерді, мысалы, жобалық басқару бойынша - мемлекеттік құрылымдар арасында артық хат алмасуды қажет етпейтін қазіргі заманғы проджект-менеджмент құралдарында жүзеге асырамыз. Тәуекел аймақтарды анықтау немесе кедендік бақылауда көмек көрсету бойынша «жасанды интеллект» ұлттық жоба аясында енгізіледі. Әрине, біздің міндетіміз мемлекеттік деректер қорының интеграциясын 100% қамтамасыз ету және цифрландырудың платформалық моделін пайдалану», - деп сендірді спикер.