29.10.2021 _ 16:00

МЖӘ орталығы тұрғындар мен бизнес үшін әлеуметтік-экономикалық тиімділігі бар жобаларды мақұлдады

2021 жылдың 9 айында МЖӘ орталығы ең алдымен халық үшін әлеуметтік-экономикалық тиімділік беретін жобаларды мақұлдады. Олардың арасында алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін «Отбасы банк «ТҚЖБ» АҚ бюджеттік кредиттеу. Бұл мақсатқа бюджеттік несие есебінен 30 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Нәтижесінде бұл 9 373 ҚР азаматының тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбай мәлімдеді.
МЖӘ орталығы тұрғындар мен бизнес үшін әлеуметтік-экономикалық тиімділігі бар жобаларды мақұлдады

Тағы бір маңызды жоба - «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі 2022 жылға арналған іс-шараларды жүргізу үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ несие беру».  

«2022 жылы бюджеттік несие есебінен 70 млрд теңге көлемінде 2 400 агроөнеркәсіптік кешен мен АШТӨ субъектілерін, 400-ге жуық жаңа қарыз алушыларды қаржыландыру жоспарланған. Қаржы 3 млн га егіс алқаптарын қамтитын көктемгі егіс және күзде егін жинау жұмыстарына берілетін болады. «Түркістан қаласының шығыс айналма жолының құрылысы» жобасының негізгі мақсаты - транзиттік ағындардың көмегімен Түркістан қаласын айналып өтіп, транзиттік көліктің өтуін қамтамасыз ету», - деді спикер.  


Жалпы ұзындығы 30 шақырымға жуық 4 жолақты қозғалыс автожолын салу көзделген. Нұр-Сұлтан қаласындағы қолданыстағы айналма автомобиль жолын мысалға ала отырып, жобаны іске асыру жолдағы уақытты қысқартып, жаңа жұмыс орындарын құрумен байланысты экономикалық тиімділікке әкеледі.