01.11.2021 _ 11:40

Мемлекеттік кірістер комитеті «E-Salyq Business» мобильді қосымшасын әзірледі

Мемлекеттік кірістер комитеті әкімшілендіруді, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалана отырып, жетілдіру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Осы бағытта, сондай-ақ мемлекет басшысының жеке кәсіпкерлер үшін салық міндеттемелерін орындау рәсімдерін жеңілдету қажеттілігі туралы тапсырмасын іске асыру бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті «E-Salyq Business» мобильді қосымшасын әзірледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев мәлімдеді.

Қосымшаны енгізу Салық кодексіне жаңа жылдан бастап күшіне енетін өзгерістер мен толықтырулармен қарастырылған. Арнайы мобильдік қосымшаны пайдалану арқылы жаңа арнайы салық режимі енгізіледі.   

«Оны қолдану шарттары патент негізінде АСР қолдану шарттарына ұқсас, кейіннен ол осы режимді ауыстыруға тиіс. Ал айырмашылығы - мобильді қосымшаның мүмкіндіктерін пайдалануда. Қосымшаны қолданушы кәсіпкерлер салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеуден босатылады, өйткені қосымшада кәсіпкер енді қолданбауға құқылы БКМ чектерінің орнына қалыптастырған чектер бойынша айқындалған табыстардың негізінде салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есеп жүргізіледі. Бұдан басқа, салық салудың жаңа режимін қолданатын кәсіпкер салық есептілігін ұсынудан босатылады», - деді спикер қазір – патент құнының есебін кәсіпкер режимді қолдану кезеңі басталғанға дейін ұсынатынын түсіндіре отырып.

Онда табыстың болжамды сомасы көрсетілуге (мәлімделуге) және ол табыс етілген кезде табыстың мәлімделген сомасы негізге алына отырып есептелген салықтар мен әлеуметтік төлемдер төленуге тиіс.