01.11.2021 _ 12:00

Чек беру сервисі «E-Salyq Business» мобильді қосымшасында іске асырылған

Кәсіпкерлер тарапынан айтарлықтай қызығушылық тудыратын сервис - чек беру сервисі. Ол бақылау-кассалық машиналарды пайдаланудан бас тартуға мүмкіндік береді. Қызметті де, қосымшаны да қолдану тегін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев мәлімдеді.


Сервис чек жасауға, мысалы, чекті мессенджерлерді (электрондық пошта, WhatsApp) пайдалана отырып, қызметті алушыға жіберуге мүмкіндік береді. Кәсіпкерге ыңғайлы болу үшін қосымша ЖК-ны тіркеуді растау бойынша, оның алған кірістері бойынша анықтамалар қалыптастырады, салық режимдерін таңдау және ауыстыру сервисі әзірленді. 

 

«ЖК тіркеу, арнайы салық режимдерін таңдау, кірістер есебін жүргізу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған күрделі рәсімдерден бастап барлық жұмыстарды осы қосымшада атқаруға болады. Бұдан басқа, кассалық аппараттың функционалы пысықталды, яғни кассалық чектерді шығаруға болады, кассалық чектер базасында кәсіпкердің табысы қалыптастырылады және кірістер базасында салық декларациясының өзі автоматты түрде толтырылады. Оны осы қосымша арқылы тапсыруға және Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлімшелеріне бармауға болады. Есептіліктің барлығы автоматты түрде жасалады. Қосымша қызметтер әртүрлі анықтамаларды беруді қамтиды, мысалы, шоттар бойынша аударымдар және т.б. Кәсіпкерлер мемлекеттік кірістер басқармасынан ала алатын қызметтердің барлық спектрі - осы қосымшада жүзеге асырылды», - деді спикер.    


Сонымен қатар, қосымшада салық төлеушілермен хат алмасу режимі және салықты төлеу, артық төлемді қайтару мүмкіндігі бар. Айта кетейік, қосымшада бизнесті жабуға немесе тоқтатып қоюға болады.