04.11.2021 _ 13:50

Димаш — Ақтөбе тумасы. Аймақта туристерді тарту үшін әншінің есімімен байланысты орындар белгіленді

Ақтөбеде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері үшін оның музейін немесе туристік орын ашу жоспарда бар ма? Әрине, бірақ бәрі әншінің өзіне байланысты болады. Өңір басшысы Оңдасын Оразалиннің айтуынша, көп жоспар бар.
Фото: Бауыржан Жуасбаев/bnews.kz

«Димаш Құдайберген - бүкіл Қазақстанның мақтанышы, өзінің талантымен елімізді, соның ішінде нақты өңіріміздің даңқын шығарған адам. Қазіргі уақытта белгілі бір коммерциялық және ұйымдастырушылық компоненттер бар екенін білесіздер, біз өкілдермен келіссөздер жүргіземіз. Қалада санитарлық-эпидемиологиялық шектеулер алынып тасталғанда, туризм үшін тартымды орындардың бірі Димашпен байланысты орындар болғанын қалаймыз. 5 орын таңдалды, оның ішінде оның үйі де бар. Бірақ көп нәрсе оның қалауына байланысты болады, ал екінші жағынан қазір санитарлық-эпидемилогиялық ахуалға қарамастан, оның есімімен байланысты «Бақытты бала» фестивалін осымен үшінші рет өткізіп отырмыз», - деді спикер.