05.11.2021 _ 12:00

Сот жүйесі биліктен тәуелсіз болады –А.Сәдуақасов

ҚР Жоғарғы Сотының ресми өкілі Айдос Сәдуақасов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сот жүйесінде орын алатын өзгерістерге тоқталды. Мәселен, қылмыстық процесс бойынша мемлекет басшысының тапсырмасымен қылмыстық сот төрелігінің үш буынды моделі енгізілуде: тергеу, прокуратура, сот. Мұндай модель азаматтардың конституциялық құқықтарын тиімді қорғауға және заңсыз қудалаудан құтқаруға мүмкіндік береді. Ең басты міндет – айыптау мен қорғаудың арасындағы шынайы жарыспалылықты қамтамасыз ету. Осы орайда жаңа тәсіл бойынша сотқа қазіргідей барлық істі емес, тек айыптау актісі мен қорғау актісін ғана беру ұсынылады.

Ең басты міндет – айыптау мен қорғаудың арасындағы шынайы жарыспалылықты қамтамасыз ету. Осы орайда жаңа тәсіл бойынша сотқа қазіргідей барлық істі емес, тек айыптау актісі мен қорғау актісін ғана беру ұсынылады.  

 

«Ал азаматтық процесс бойынша «Сотқа дейінгі хаттама» енгізіледі. Бұл жобаны қолданатын елдерде көптеген даулар сотқа жетпейді. Өйткені тараптар сотқа дейін бір-біріне барлық дәлелдерді ашып көрсетуі тиіс. Нәтижесінде олар соттасқан дұрыс па, бұрыс па білетін болады. 


Аумақаралық соттылық - қазір соттарда кез келген істі судьяларға төраға емес, IT-жүйе кездейсоқ тәсілмен бөледі. Бұл – біздің жемқорлыққа қарсы құралымыз. Бірақ ол тек бір ғана соттың ішінде жұмыс істейді. Біз істерді еліміздегі барлық соттардың арасында олардың мамандануы бойынша бөлуді ұсынамыз. Мысалы, талапкер мен жауапкер Шымкенттен болса, олардың арызы Петропавлда немесе Оралда қаралады. Осылайша, сот істерін қарау кезінде бармақбастылық, көзқыстылық азайып, әіл шешімдердің саны артады деп сенеміз», - деді Жоғарғы соттың ресми өкілі. 


Сот жүйесіне енгізілеін тағы бір жаңашылдық - «Үлгілі шешім». Өкінішке орай, соттар бірдей істер бойынша әртүрлі шешімдер қабылдап, халықтың ашу-ызасын тудырды. Бұл жағдайда жоғары тұрған сот олардың ішінен бір істі таңдап алып, шешім шығарады. Осы шешім жергілікті соттарға үлгі болады.  


«Бұдан бөлек, судьяның смарт-көмекшісі жобасы қолға алынбақ. Яғни, сот жүйесіне робот бағдарламасы енгізіледі. Бұл бағдарлама бойынша судьяның қарауын талап етпейтін даусыз істер іріктеліп алынады, мұндай істер қазіргі таңда статистика бойынша 400 мыңға жуық. Әсіресе, шартты түрде мерзімінен босату, санкциялар және ел аумағынан шығу мәселесіне қатысты осындай істер, судьяның егжей-тегжейлі қарауын талап етпейді. Мұны автоматтандырылған бағдарламаның көмегімен жүзеге асыруға болады. Яғни, робот сотты осындай шешімінің жоабсын дайындайды, судья оны тексеріп, қолын қояды, егер техникалық қателер жіберілсе, судья оны қайта қарап шыға алады. Келесі жоба - Цифрлық талдау. Жоба «Атамекен» ҰКП бірлесіп әзірленді. Бұл сервис  сот дауларының қалай аяқталатынын болжауға мүмкіндік береді. Тараптар осылайша соттасудың қажет не қажет еместігін саралайды», - деді спикер. 


Сонымен қатар, соттарды қаржыландыру жүйесі қайта қаралуда. Парламентте қаралып жатқан заң жобасына сәйкес, соттардың бюджеті бұдан былай абсолютті цифр тұрғысында емес, барлық мемлекеттік органдарға бөлінетін шығынның пайыздық үлесі түрінде анықталатын болады. Енді сот жүйесі биліктен тәуелсіз болады.   
Айдос Сәдуақасов Жоғарғы сот осы бағыттағы кешенді жұмыстарды жалғастыратынын атап өтті.