05.11.2021 _ 14:00

Экспорт алдындағы және экспорттық қаржыландыру, сақтандыру, айналым қаражатын толықтыруға қаржыландыру және экспорттаушылардың шығындарын өтеу – бүгінде сұранысы көп шаралар

«Шикізаттық емес экспортты ілгерілету» бағыты шеңберінде жаңа өндірістерді өсіруге және жұмыс істеп тұрған экспорттаушылардың құзыретін арттыруға бағытталған экспорттық акселерация бағдарламасын дамыту жалғасады. 1000 белсенді экспорттаушының сыртқы нарыққа шығуы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар 350 экспорттаушыны Alibaba, Amazon, OZON электрондық сауда платформаларына шығару жоспарланып отыр. Еліміздің бас экономисті Әсет Ерғалиев Ұлттық жобалардың осындай перспективаларын атап өтті.

Мемлекеттік эталондардың халықаралық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін сынақ зертханалық базаларының 30% жаңғыртылады.  


«Экспорттаушыларды сыртқы нарықтарға ілгерілету мына шаралар есебінен қолдау табады. 

Бұл экспорт алдындағы және экспорттық қаржыландыру, сақтандыру, айналым қаражатын толықтыруға қаржыландыру, сондай-ақ экспорттаушылардың шығындарын өтеу – бүгінде сұранысы көп, ынталандыратын шаралар», - деді министр. 


Осы жұмыстардың нәтижесінде шикізаттық емес экспорт 41 млрд АҚШ долларына 2 есеге артады.