05.11.2021 _ 15:20

Тарифтер бойынша өзгерістер болмайды: ЭМ көрші ел РФ электр энергиясының ағыны туралы

Ресейлік «Интер РАО» қараша айында Қазақстанға электр энергиясын сатуды жоспарлап отыр. Олардың мәліметтері бойынша, қыста елімізде майнерлердің кесірінен энергия тапшылығы болады. Бұл рас па? «Интер РАО»-мен келісімнен басқа қандай шаралар қабылданады? Қазақстан энергияны қандай бағамен сатып алады және бұл тарифтерге әсер ете ме? Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингке қатысушылар сұрады.


ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков тарихтан бастады. Жыл басынан бері электр энергиясын тұтыну күрт өсті – 8% дейін, ал норма 1-2%. Бұл ретте 1000-1200 МВт электр энергиясы туралы айтылып отыр. Иә, бұл майнингтік компанияларға байланысты. Ресми түрде елімізде 50 компания тіркелген, қалғандары заңсыз жұмыс істейтін «сұр» майнерлер, олар тапшылық тудырады.   


«Ресеймен энергия жүйеміз параллель өлшемдерде ұйымдастырылған және Ресейден бізге және бізден оларға электр энергиясы ағыны қарастырылған. Біз оны импорт емес, ағын деп атаймыз. «ИнтерРАО»-мен жұмыс жүргізілуде, бұл стандартты салалық практика, сондай-ақ ҚТЖ тұрақты негізде «РЖД»-мен, «ҚазТрансГаз Газпром»-мен және т.б. жұмыс істейді. Қарбалас уақытта Ресейден Қазақстанға электр қуаты тартылады, өйткені майнерлер тарапынан тұтынудың артуы қандай да бір авариялық жұмыстар мен электр энергиясының басқа да істен шығу жағдайлары үшін қажетті резервтерімізге әсер етеді. Олар біздің резервтерімізді «құртады» және біз бұл кемшілікті ағындар есебінен қамтамасыз етеміз. Ондағы бағалар қол жетімді келісімдер аясында талқыланады. Тарифтер өзгермейді деп ойлаймын», - деп жауап берді ведомство өкілі.