08.11.2021 _ 11:50

Тұрғын үйде 158 мың өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу жағдайы тіркелді - ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті

Қазіргі уақытта 107 мыңнан астам тұрғын үй есепке алынды, олар жүз пайыз аралаумен қамтылып, шамамен 400 мың адамға нұсқау берілді. Профилактикалық жұмыстар автономды жылыту жүйелері бар үйлердің тұрғындарымен жалғасуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов мәлімдеді. Жалпы, аралау барысында ТЖМ қызметкерлері 764 мыңнан астам тұрғын үйді қамтыды, алайда 51 мың үйдің тұрғындары тексеру мен кеңес беруден бас тартты. Әкімдік өкілдерімен бірлесіп 71 мың үйге бару жүзеге асырылып, 747 мың азаматқа нұсқау берілді.
иллюстративное фото с сайта sprojekt.ru

«118 мыңға жуық тұрғын үйде 158 мың өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу анықталды, оның ішінде 40 мыңнан астамы сол жерде жойылды. Бұзушылықтардың 90%-ы электр техникалық желілер мен электр жабдықтарын және автономды жылыту жүйелерін пайдаланумен байланысты екенін атап өту қажет. Профилактикалық жұмыстар бір рет барумен және үгіт материалдарын таратумен шектелмейді. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып пайдаланылудағы тұрғын үйлерді қайта айналып өту жүзеге асырылады. Ағымдағы жылдың соңына дейін шамамен 2 млн жеке тұрғын үйді аралау жоспарланып отыр», - деді спикер. 


Оның айтуынша, жылыту маусымының басынан бастап өрт санының 20% және адамдардың өрттен қаза болуы 32,5% төмендеген. Соңғы 2 жылда атқарылған жүйелі жұмыстар үйлердегі, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтарындағы өрттер санының айтарлықтай азайған.