08.11.2021 _ 12:10

Өрт болған жоқ. Бірқатар сараптамалар тағайындалды - ТЖМ Ақтаудағы жарылыс туралы

ТЖМ өртке қарсы қызметінің Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингі барысында спикерлер Ақтаудағы ТЖ туралы толық ақпарат берді. Жарылыс кеше болды. Ресми мәліметтер бойынша, 7 қарашада сағат 22:25-те белгісіз жағдайларда «Шерқала» сауда-өндірістік кешенінің бірінші қабатындағы қоғамдық тамақтандыру ғимаратында жарылыс болып, ғимараттың бір бөлігі қирады деген ақпарат келіп түсті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Ғимараттың құлаған бөлігінің ауданы 200 шаршы метрді құрады. Жарылыс себебі анықталуда. Қазір үйінділерді тазарту жұмыстары жүргізілуде.
фото с сайта inform.kz

«ТЖ жою кезінде өрт сөндіру қызметкерлері көлемі 50 л және 20 л екі газ баллонын қауіпсіз жерге апарды. Азаматтардың 10 көлік құралына зақым келді, сотқа дейінгі тергеу басталды, ол оқиғаның нақты себептерін анықтайды. Төтенше жағдайды тікелей жойған адамдардың айтуынша, өрт болған жоқ. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп нақтылады ТЖМ Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Әйгерім Райымқұлова журналистердің сұрақтарына берген жауабында.