10.11.2021 _ 16:20

ЭКО бағдарламасы бедеу ерлердің 98% көмектесе алады. «Аңсаған сәби» президенттік бастамасы мыңдаған жұпқа үміт берді - жоғары санаттағы уролог-андролог

Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, бедеу ерлердің 0,1-0,2% үмітсіз. Оларға хирургиялық әдіс те көмектеспейді. Мұндай мәліметтерді Орталық коммуникациялар қызметі алаңында м.ғ.к., «Persona» халықаралық клиникалық репродуктология орталығының жоғары санаттағы уролог-андролог дәрігері Юрий Лавров мәлімдеді. Дегенмен, ол үмітін үзген қазақстандықтарды жігерлендіре түсті. Квоталар санын бірнеше есеге арттырған «Аңсаған сәби» жаңа бағдарламасымен мүмкіндіктер артты.

«Егер ер адамда туа біткен ауытқулар болса, біз көмектесе алмаймыз: жыныс мүшелерінің болмауы, ұрықтың болмауы, ұрпақты болу органдарының жоғалуына әкелетін ауыр жарақаттар, генетикалық проблемалар, көптеген хромосомалық проблемалар, өкінішке орай, олар емделмейді. Біз оларға көмектесе алмаймыз, оларды емдеу немесе хирургияны қолдану пайдасыз. Ерлердің қалған 98-99%-ы ұрықтандыруға жарамды болса да, емдеудің, сперматозоидтың сәтті болатынына сене алады. Тиісінше, біз осындай ер адамдармен жұмыс істей аламыз», - деді сарапшы, қазақстандық денсаулық сақтау саласының заманауи техникалық қуаты мен әріптестері жайлы айта отырып.