11.11.2021 _ 17:00

Ақсу, Көксу қант зауыттарының қуаты жалпы 1,1 млн тоннаға жеткізіледі

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту шаралары қабылдануда. Биыл осы мақсатта 50 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, оның 43 млрд теңгесі –субсидиялар. Мұндай шаралармен өңірдің 15 мың шаруашылығы қамтылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында өңір басшысы Амандық Баталов мәлімдеді.


Спикердің айтуынша, облыста ауыл шаруашылығы дақылдарының алқабы 972 мың гектарға жеткізілді, оның ішінде қант қызылшасы – 16 мың, жүгері – 95 мың, картоп 40 мың гектардан асты.  


«Біз 2025 жылға дейін қант қызылшасы алқабын 53 мың гектарға дейін ұлғайту есебінен шикізат өндірісі көлемін 2 млн тоннаға жеткізу жөнінде ауқымды міндет қойып отырмыз. Ол үшін Көксу және Ақсу қант зауыттарын жаңғырту арқылы олардың жалпы бір жылдағы өңдеу қуатын 1,1 млн тонналық деңгейге жеткізу жоспарланған», - деді облыс әкімі.  


А.Баталов 2030 жылға қарай суармалы жер көлемін 3 млн гектарға дейін ұлғайту туралы Президент 2019 жылғы Жолдауындағы тапсырмалары аясында облыс бойынша 138 мың га қалпына келтіру көзделгенін атап өтті.  


«Соңғы үш жылда аймағы 39 мың га бұрын шығарылған суармалы жерлер тартылды. Ағымдағы жылы 14 мың гектарды қалпына келтіру үшін 6,3 млрд теңгеге ирригациялық құрылыстарына күрделі жөндеу жүргізілді. Ислам даму банкі есебінен Ескелді және Ақсу аудандарында суару желілерін қайта жаңғырту жалғасуда. Өткен жылмен салыстырғанда мал мен құс саны орта есеппен 2% өсті. Мал қыстату үшін облыс жем-шөппен толық қамтамасыз етіліп, 5,3 млн тонна азық дайындалды. Маңғыстау облысының зардап шеккен фермерлеріне гуманитарлық көмек ретінде 54 вагон шөп жіберілді. Барлығы 117 мал бордақылау алаңы және 84 тауарлы сүт фермасы жұмыс істейді, соның есебінен ет өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 72%, сүт зауыттарының жүктемесі 85% жетті», - деді өңір басшысы.