11.11.2021 _ 17:20

Алматы облысында «Еңбек» бағдарламасының жұмыспен қамту шараларына 60 мың адам тартылды

Биыл Алматы облысында «Еңбек» бағдарламасы бойынша белсенді жұмыспен қамту шараларына 60 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар тартылды. Бұл туралы өңір әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді.
Алматы облысында «Еңбек» бағдарламасының жұмыспен қамту шараларына 60 мың адам тартылды

«Экономикадағы тұрақты өсу, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және қабылданған әлеуметтік қолдау шаралары халықтың табыс деңгейін сақтауға, жұмыссыздықтың белең алмауына мүмкіндік берді. «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 60 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар тартылды. Сондай-ақ 251 мың адам жалпы сомасы 10,3 млрд теңге әлеуметтік көмек алды», - деп атап өтті А. Баталов.