Ұйғыр ауданының атауын өзгерту мәселесін жоғары жаққа жеткіземін деп едіңіз. Өкінішке орай, аудан аудан атауы әлі өзгерген жоқ. Бұл уәдеңізді орындадыңыз ба? Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер Алматы облысының әкімі Амандық баталовтан осы жайлы сұрады.
«Иә, мен уәдемді орындадым. Жоғары жаққа жеткіздім. Бірақ бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Қазір халық санағы жүріп жатыр. Әлі біткен жоқ. Уақыты келгенде бұл мәселе қаралады», - деді облыс әкімі өз жауабында.