12.11.2021 _ 12:20

2021 жылы спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 97% жетеді - ШҚО басшысы

Денсаулық сақтаудың маңызды факторларының бірі - салауатты өмір салты. Мемлекет басшысы биыл тамыз айында бұқаралық және балалар спорт түрлерімен айналысу үшін жағдай жасау қажеттігін атап өтті, бұл ұлтты сауықтыруға мүмкіндік береді. Ол үшін 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен ШҚО жалпы білім беретін мектептерінде қосымша 3213 спорт секциясы ашылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Даниал Ахметов айтып берді.
2021 жылы спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 97% жетеді - ШҚО басшысы


Оның сөзінше, ағымдағы жылы 22 мың балаға арналған қосымша 1268 секция жұмыс істей бастады. Сонымен қатар, спорт секцияларын жан басына қаржыландыру жүйесі енгізілді. 2021 жылға мемлекеттік тапсырыс - 2 мың бала, 2025 жылға қарай - 15 мың бала.   

«Осылайша, биыл балалар мен жасөспірімдердің жалпы санының 109 мыңы немесе 56,4% дене шынықтырумен және спортпен тегін айналысуға мүмкіндік алады. 2020 жылы 85 мың бала немесе 44% қамтылған. 2025 жылы біз 163 мың санға шығамыз немесе балаларымыздың 78% спортпен және дене шынықтырумен айналысатын болады. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған міндеттеріне сәйкес спорттық инфрақұрылымды кеңейту жалғасады. Өткен жылы 6 нысан пайдалануға берілді. Биыл тағы 14 спорт нысан іске қосылады. Ең бастысы, нысандар үлкен елді мекендерде және 9 бұрынғы аудан орталықтарында салынуда. 2023-2025 жылдар ішінде бірқатар ірі спорт нысандарының құрылысы жоспарланған. 2021 жылы біз спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етудің 97%-ына қол жеткізуіміз керек», - деп атап өтті аймақ басшысы.  

 
Бұдан басқа, жоғары жетістіктер спортын дамыту шеңберінде келесі жылдан бастап халықаралық деңгейдегі спорт консультанттарын тарта отырып, басым түрлер бойынша жаттықтырушыларды оқыту жоспарлануда.