12.11.2021 _ 14:00

Азаматтық қоғам 30 жылдың ішінде мықты дамыған үкіметтік емес секторға айналды

Мемлекет пен үкіметтік емес сектордың өзара іс-қимылы саласындағы елдің ең ірі оқиғасының негізгі идеясы - Қазақстанның азаматтық қоғамына жаһандық көзқарас. Біз азаматтық қоғамды дамытудың өзекті мәселелерін ескере отырып, тарихқа, бүгінге және болашаққа талдау жасағымыз келеді. X Азаматтық форумның мазмұнды бағдарламасы барлық қатысушыларға мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ бірлескен кооперациясының жүйелі мәселелері мен шешімдері туралы айтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева мәлімдеді.


«Азаматтық қоғам 30 жылдың ішінде мықты дамыған үкіметтік емес секторға айналды. Бүгін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары ҮЕҰ өкілдерімен кездесулерді бастап кетті. Жаңа ғана қаржы министрінің бірінші орынбасарымен кездесу өтті, оған 300 адам қатысты, ақпарат жүйелі түрде таралуда. 20 қарашаға дейін барлық министрлер кездесулер өтеді. Ал 22-26 аралығында бағдарлама бойынша кездесулер ұйымдастырылады. Әр күннің өз атауы бар, ашық алаңдар ұйымдастырылады. Форумның 1-3 күндері онлайн форматта өтсе, 25-26 қарашада Алматыда офлайн түрде өтеді. Пандемияға байланысты пленарлық отырысқа 150 адам ғана қатысады. Басқалары онлайн тыңдай алады», - деді спкиер.  


Толық ақпарат форум сайтында жарияланған.