12.11.2021 _ 14:20

Алдыңғы азаматтық форумдардың ұсынымдарын іске асыру маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге ықпал етті - ҚР АҚДМ

Президент Жарлығымен азаматтық секторды ұзақ мерзімді перспективада дамытудың негізгі бағыттарын айқындайтын стратегиялық құжат - азаматтық қоғамды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдау басты қорытындылардың бірі болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АҚДМ азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет мәлімдеді.
Алдыңғы азаматтық форумдардың ұсынымдарын іске асыру маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге ықпал етті - ҚР АҚДМ


Оның айтуынша, құжат азаматтық қоғам мен билік органдарының өзара іс-қимылы саласындағы негізгі міндеттер мен басымдықтарды анықтайды.  


«Тұжырымдамада азаматтық сектор қызметін трансформациялаудың жаңа тәсілдері қарастырылған, олар бүгінгі күні іске асырылу үстінде. Бұдан басқа, Тәуелсіздік жылдары ҮЕҰ-ны қолдаудың ресурстық орталықтарының тұрақты жұмысы, азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру арқылы ҮЕҰ әлеуетін арттыру үшін жағдайлар жасалды. Мысалы, 2020 жылы республика бойынша ҮЕҰ-ны қолдау үшін 52 азаматтық орталық жұмыс істеді. Аталған орталықтар қазіргі уақытта өңірлік ҮЕҰ-ға консультациялық және әдістемелік қолдау көрсетуде. Форумның күн тәртібі Қазақстанның БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуіне де бағытталған. Осы бағытта елде ТДМ енгізу және имплементациялау процесіне азаматтық қоғам институттарын тарту жандандырылуда. Гранттық жобалар іске асырылуда.  ТДМ индикаторларын қолдану және оларды бағдарламалар мен жобаларды жоспарлау құралы ретінде пайдалану мақсатында одан әрі имплементациялау жоспарлануда», - деп атап өтті ведомство өкілі.