Pfizer вакцинасының негізгі партиялары әр облыс орталығында тиісті тоңазытқыштарда сақталады. Ал мектептерге нормаланған термоконтейнерлермен жеткізіледі. Өндірушілердің айтуынша, мектептердегі қарапайым тоңазытқыш камераларда өнім бір ай бойы сақталуы мүмкін. Бірақ мектептерде вакцинациялау қажеттілігі неден туындады? Бұл жағдай балаларды алып кетеді және рұқсатсыз вакцинациялайды деп мектепке басып кірмек болған ата-аналар мен антиваксерлер арасында үлкен наразылық тудырмай ма? Егер вакцина реакция берсе, онда алғашқы медициналық көмек шұғыл көрсетілетін медициналық мекемеде вакцинациялаған дұрыс емес пе? Адамдардың қаупін журналистер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жеткізді. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы бұл сұраққа жауап бере отырып, кеңестік кезеңде балалардың барлығы мектепте екпе алғанын еске салды.
«Бұл тым асыра сілтеушілік. Вакциналар пайда болған сәттен бастап оны мектептерде алып жүрміз. Бізде ғана емес, бүкіл әлемде солай. Ұйымдастырылған ұжымдарда, ЖОО-ларда тікелей медицина қызметкері болады. Тек медицина қызметкері ғана вакцинациялауға құқылы. Бұл мектептегі егу кабинеттерінде орналасқан емханалардың жауапты қызметкерлері. Әр кабинетте аттестация бар. Қажетті дәрі-дәрмек, жедел медициналық көмек жинағы болады. Әрбір медицина қызметкері алғашқы көмек көрсету ережелерін біледі. Бұл вакцинацияның стандартты кестесі. Бұл алаңдайтын жағдай емес. Сонымен қатар, COVID-ке қарсы вакцина жасау принципі балаларымыз ондаған жылдар бойы қабылдаған басқа вакциналардікімен бірдей», - деп сендірді Алексей Цой.