17.11.2021 _ 14:20

Көптеген IT-мамандар Қазақстанда тұрып, шет елдерде жұмыс істейді. Экспорт осындай болуы керек – Бағдарламалау мектебінің басшысы

IT-саласында адами капиталдың маңыздылығы жоғары. Үлкен инфрақұрылым– зауыттар, фабрикалар және басқа да материалдық активтер қажет емес. Бұл - интернетке қолжетімділігі бар ақылды, дарынды адамдар. Осы тұрғыдан елімізде көптеп мамандар дайындауға мүмкіндік бар. Бірақ жоғары оқу орындары мен колледждердің болуы жеткіліксіз, жеке компаниялар мен коммерциялық және коммерциялық емес жеке ұйымдарды да тарту қажет. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлем» бағдарламалау мектебінің бас атқарушы директоры Дагар Давлетов мәлімдеді.



Жыл сайын «Әлемде» 200-ден астам маман даярланады.  


«Бұл ел бойынша алып қарағанда өте төмен көрсеткіш. Мысалы, Microsoft корпорациясында жұмыс істейтін жігіттер бар, олар Қазақстанда тұрады, салық төлейді, жалақысының бір бөлігін осында жұмсайды. Жастар ресми білімсіз, ЖОО дипломынсыз, Қазақстанда бола тұра, Сингапурда, Ресейде, АҚШ-та, Австралияда еңбек етеді. Жеке келісімшарт жасаушылардың, шағын компаниялардың фрилансерлерінің, студиялардың пікірінше экспорт осындай болуы тиіс, адами капиталды сол үшін дамыту қажет. Біз жеке ұйым ретінде қолдауды қажет ететін, бірақ қолдай таппайтын адамдар барын білеміз. Сондықтан мемлекет талантты мамандарды қолдауға 600 000 теңгеден бөледі, олар кейін жұмыс істеп тұрған IT-компаниялардың бір бөлігіне айналады немесе жеке ісін бастайды. Биыл 100 грант үлестірілді, келесі жылы гранттар саны артады деп үміттенемін. Өз тарапымнан басқа бағдарламалау мектептерін немесе кадрларды даярлауды, бағдарламалау мектептерін ашуды немесе осы бағдарламаға қатысуды қолдайтын мамандарды шақырғым келеді», - деді спикер әріптестеріне қаратып айтқан сөзінде.