18.11.2021 _ 12:40

Сыр өңірінде жыл аяғына дейін тағы 2 мектеп пайдалануға беріледі

Білім беру саласында жаңа оқу жылы санитарлық нормаларды сақтай отырып, дәстүрлі форматта басталды. 1 қыркүйекке 748 орындық 3 мектеп пайдалануға берілді. Оның ішінде, 448 орындық екі мектеп – жеке меншікті. Жыл соңына дейін 900 орындық тағы 2 мектепті тапсыру жоспарланған, оның біреуі апаттық мектептің орнына. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.

 
«Инклюзивті білім беруді дамыту үшін 47 мектепке дейінгі ұйымдарда, 27 мектепте инклюзив кабинеттері ашылуда. Балалардың қауіпсіздігі мақсатында мектептер бейнебақылаумен қамтамасыз етілген. Полицияның сервистік моделін енгізу бойынша Қарағанды облысының тәжірибесін зерделеудеміз, келер жылы оны енгізетін боламыз»,- деді Г.Әбдіқалықова. 


Елбасының тапсырмасына сәйкес биыл Қызылордада колледж оқушылары үшін 475 орындық 3 жатақхана пайдалануға берілді. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында өңірде 7 спорт кешені пайдалануға берілсе, 6 спорт кешенінің құрылысы жалғасуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыста 2156 баланы қамтитын мемлекеттік спорттық тапсырысты қаржыландыруды 2021 жылғы 212 млн теңгеден келесі жылы 4312 балалар үшін 638 млн теңгеге ұлғайтуды жоспарланған.