18.11.2021 _ 15:40

Елордада «Астана клубтың» алтыншы отырысы жұмысын аяқтады

15-17 қараша аралығында «Пандемиядан кейінгі жаңа әлем» тақырыбына арналған «Астана клубының» алтыншы отырысы өтті. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте шараның қорытындысы шығарылды. ӘЭСИ директоры Ержан Салтыбаевтың айтуынша, үш күндік іс-шараға 50-ден астам беделді әлемдік спикер, соның ішінде бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары, халықаралық ұйымдар мен орталықтар басшылары, сондай-ақ ірі халықаралық БАҚ өкілдері қатысты. Клуб отырысы аралас форматта – онлайн және офлайн өтті.
Елордада «Астана клубтың» алтыншы отырысы жұмысын аяқтады

 
«Астана клубы» кеше аяқталды. Пленарлық отырыста ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев геосаясаттың, экономиканың көптеген мәселелеріне қатысты өте мазмұнды әрі егжей-тегжейлі сөз сөйледі. Өкінішке орай, өткен жылы біз іс-шараны кейінге қалдыруға мәжбүр болдық, бірақ биыл айтарлықтай қауіптің болғанына қарамастан, іс-шараны өткіздік. Бұл, әрине, қатысушылардың санына әсер етті. Алаңымызда тікелей қатыса алғандарға ризамыз. Клубтың тақырыбы әдеттегідей: біз оны «Үлкен Еуразия» деп жарияладық - бұл пленарлық отырыстың тақырыбы, бүкіл клубтың тақырыбы «Пандемиядан кейінгі әлемнің болашағы». Пандемия ерте ме, кеш пе аяқталатыны және оның салдары, әсері әлемнің барлық елдері үшін, экономика, геосаясат үшін айтарлықтай маңызды болатыны белгілі. Оның үстіне, Орталық Азия елдерінен ғана емес, біздің ортақ континенттен тыс әріптестеріміздің бұл жағдайға көзқарастарымен танысу қызықты болды»,- деп түсіндірді спикер.