19.11.2021 _ 16:00

Ауыз сумен қамту бойынша Атырау облысы өңірлер арасында көш бастап тұр - М.Досмұхамбетов

Ауыл тұрғындарын орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі 98,5% көрсеткішімен Атырау облысы өңірлер арасында көш бастап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті.

 
«Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында шалғай орналасқан және халқының саны аз елді мекендерді сумен қамту бойынша ауылдық елді мекендерде су құбырының құрылысы және су тазарту блок-модулі кешендерін орнату қарастырылды. Сонымен қатар, өңірде ауыл тұрғындарының 99,4% газбен қамтылған. Биыл облыстың 8 ауылдық елді мекенін газбен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған нысандар аяқталғанда облыс халқының табиғи газбен қамтылу деңгейі 99,8% құрайды», - деді спикер.