23.11.2021 _ 15:50

Онлайн режимдегі интерактивті қолжетімділік картасында мүгедек адамдарға арналған объектілерді өзектендіру жүзеге асырылады

Бүгінгі күні «Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталында (inva.gov.kz) өңірлер бөлінісінде объектілерге қолжетімділік картасы бар, онда ел бойынша 35 мыңнан астам әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің бейімделуі туралы мәліметтер қамтылған. Аталған нысандар 3 қолжетімділік санатына бөлінген: «қолжетімді», «ішінара қолжетімді», «қолжетімді емес». Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Анархан Дүйсенова мәлімдеді.

Қолжетімділік мүгедек адамдардың 4 санатына ескеріледі: адам ағзасының бұзылу сипатын, есту, көру, тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарды және тек кресло-арбалармен ғана жүріп-тұру мүмкіндігін.  
Өңірлерде объектілерді бейімдеудің өңірлік жоспарлары бекітілді. Осы жоспарлар шеңберінде мүгедек адамдар үшін объектілердің қолжетімділік жағдайын бағалау жүргізіледі. 

«2025 жылға дейінгі кезеңде басымдық берілген 22 000 нысан белгіленді, бұл бірінші кезекте мүгедектігі бар адамдар жиі баратын объектілер, мысалы, мемлекеттік мекемелер, ХҚКО, денсаулық сақтау, емхана, білім беру, мәдениет және спорт объектілері – жалпы әлеуметтік көлік инфрақұрылымы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасын орындау шеңберінде жыл сайын 4 мыңнан астам нысанды тапсыруымыз керек. Осылайша, интерактивті қолжетімділік картасында жергілікті атқарушы органдар онлайн режимде мүгедек адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі басқа да азаматтар үшін объектілерді өзектендіруді жүзеге асырады. Әр өңірде әлеуметтік қорғау басқармалары мен бөлімдерінің мамандарына интерактивті картамен жұмыс істеуге мүмкіндік жасалған. Жауапкершілік өңір әкімдеріне тікелей жүктеледі. Барлық тіркелген пайдаланушыларға әрбір объектіге жүргізілетін бейімделудің сапасын бағалаудың және фотосуреті қоса берілген түсініктемелерді орналастырудың бірегей мүмкіндігі ұсынылған. Біздің жұмысымызды пікірлердің түсуіне қарай үйлестіруге болады», - деп атап өтті спикер.