23.11.2021 _ 16:10

2025 жылға дейін шамамен 22 мың нысанды мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімдеу жоспарланған

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кедергісіз орта құруда қандай проблемалар бар? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер спикерлерге осындай сұрақ қойды. ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Анархан Дүйсенова бірқатар проблемалар барын жеткізді.
иллюстративное фото с сайта inva.gov.kz


Оның айтуынша, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы, бейімді орта құру нысандардың кімнің балансында тұрғанына байланысты болады.  


«Біріншіден, жергілікті бюджет тарапынан жеткілікті қаражаттың бөлінбеуі. 2025 жылға дейінгі жоспар бойынша шамамен 22 мың нысанды 4 топқа бейімдеу көзделген. Алдағы жылдарға арналған бюджетті қарастырғанда жергілікті атқарушы органдардан осы мақсатта қаражаттың көп бөлінуін қадағалауларын сұраймыз. Екіншіден, министрлік тарапынан жергілікті жерлерде комитет департаменттері қайта тексерулер жүргізеді. Егер ғимарат ЖАО балансында болса, онда бюджеттен ақша бөлініп, жұмыстар атқарылады. Бірақ сол нысандардың ішінде орналасқан жеке кәсіпкерлер, ШОБ субъектілері және ірі кәсіп иелері өз мойнына алған міндеттемелерін орындауы тиіс», - деді спикер. 


ҚР ЕХӘҚМ мәліметінше, елімізде 700 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан бар, оның ішінде 100 мыңға жуығы бала.