23.11.2021 _ 16:20

Кіру аймағынан тыс. Нысандардың қолжетімділігін тексеру нәтижесінде 22 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды

Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжеткізуді қамтамасыз етпеу, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың мәдени, ойын-сауық іс-шараларына кіруіне жағдай жасамау түрінде жасалған, мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау туралы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін лауазымды тұлғаларға - 50 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 120 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 200 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 400 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл ӘҚБтК-нің 83-бабы. ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Анархан Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айыппұлдар есебінен бюджетке қанша қаржы түскені жайлы айтып берді.
Кіру аймағынан тыс. Нысандардың қолжетімділігін тексеру нәтижесінде 22 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды

«Айыппұлдар мөлшері бақылау субъектілерінің мәртебесіне байланысты 145 мың теңгеден 1,2 млн теңгеге дейін болады. Бұзушылық бір жылда қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері ұлғаяды. 2020 жылы Комитеттің аумақтық департаменттері жүргізген 970 тексерудің 88% қолжетімді орта жасау бойынша болды. Тексеру нәтижесінде 22 млн теңгеден астам сомаға ұйғарым беріліп, айыппұл салынды. 2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша департамент мамандары заңнаманы сақтау тұрғысынан 805 тексеру жүргізді, оның ішінде мүгедектерді әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжетімділікпен қамтамасыз ету бойынша 11 млн теңгеден астам айыппұл сомасы бар 590-нан астам нұсқама берілді», - деді спикер.   


Талдау көрсеткендей, осы салаға тән бұзушылықтар пандустың болмауы, пандустар еңісінің сәйкес келмеуі, зағип және нашар көретін азаматтар үшін тактильді көрсеткіштердің болмауы, шақыру түймесі, бейімделген санитарлық тораптар, лифтілер, көтергіштер және т.б. болып табылады. Департаменттер нысандарды қайта тексеріп, әкімдіктердің есептері бойынша 1700-ден астам бұзушылықты анықтады. Оларды жою мерзімімен жазбаша хабарламалар берілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.